Негізгі Жаңалықтар ШЫМКЕНТ ФРАНЦИЯМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТЕДІ

ШЫМКЕНТ ФРАНЦИЯМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ КЕҢЕЙТЕДІ

Шымкент шетелдік инвесторлармен байланысты нығайтып, халықаралық әріптестік аясын кеңейтуде. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған делегациямен кездесті. Тараптар өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесуге «Veolia Holding Kazakhstan» және «Richel Group» компанияларының басшылары да қатысты. Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері сөз болды. Мәдениет, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық та назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе, қала әкімдігі мен Франция Елшілігі арасында бекітілген Жол картасының орындалу барысы пысықталды. Қала басшысы халықаралық серіктестікті дамытуға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ Елшіге Шымкентке деген ықыласы үшін алғыс айтып, француз инвесторларымен жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Бөлісу