ҰЛТТЫҚ РУХ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Нағыз патриоттық ұранмен емес, іспен өлшенеді. Түркістанда елге еңбегі сіңген 31 азаматтың өмір жолын арқау еткен «Ұлттық рух – басты құндылық» кітабының тұсауы кесілді. Кейіпкерлердің қатарында азаттық үшін күрескен желтоқсаншы да, ұлт тарихын түгендеген мұрағатшы да, тағдырдың тауқыметін тартқан 18 баланы бауырына басқан батыр ана да бар. Бір кітапқа топтасқан тағдырлар – елжандылықтың жарқын үлгісі.
Олардың әрқайсысының өмір жолы әртүрлі. Бірақ бәріне ортақ бір қасиет бар: елге деген адалдық пен қоғам алдындағы жауапкершілік. Бірі тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үлес қосты, енді бірі ұрпақ тәрбиесіне ғұмырын арнады. Олар өздерін өзгеден биік қойған жоқ, жасаған еңбегімен танылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» қағидатына үндес туындының негізгі өзегі де – осы. Авторлар көпшілікке өнеге болар тұлғаларды таныстырып қана қоймай, олардың азаматтық ұстанымын кейінгі буынға үлгі етуді көздейді.
БЕЙСЕНКҮЛ НАРЫМБЕТОВА, «СЕРПІЛІС» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ, ЖУРНАЛИСТ
Өзіміздің талаптарымыз бар кейіпкер таңдауда. Оның танымал болуы маңызды емес, еңбегінің танымал болуы маңызды.