Негізгі Жаңалықтар 281 ЖАТАҚХАНА БОЙ КӨТЕРДІ

281 ЖАТАҚХАНА БОЙ КӨТЕРДІ

Елімізде студенттік жатақханалардың қолжетімділігі айтарлықтай артты. Кейінгі жеті жыл ішінде 72 мыңнан астам орынға арналған 281 жаңа нысан бой көтеріп, пайдалануға берілді.


Оның 182-сі жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналса, қалған 99-ы – колледж студенттеріне тиесілі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде жатақханаға тапшылық тек Алматы қаласында ғана орын алып отыр. Ал еліміздің өзге өңірлерінде бұл мәселе түбегейлі шешімін тауып, жастар жатақханамен толық қамтамасыз етілген.

Бөлісу