Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ АШЫЛДЫ

ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚ АШЫЛДЫ

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын». Төлеби ауданында жасыл желекті көбейтуге бағытталған жаңа бастама қолға алынды. «Жасыл мекен – гүлденген аудан» жобасы аясында Қоғалы ауылдық округінде тұқымбақ ашылды. Мұнда сәндік ағаштар мен бұталар өсіріліп, гүл көшеттері дайындалады. Игі іске жергілікті тұрғындар да атсалысты.

Жаңа тұқымбақтың ашылуы – ауданның жасыл қорын молайтуға жасалған маңызды қадам. Салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов экологиялық бастамалардың маңызына тоқталып, Мемлекет басшысы көтерген «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

 ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауылдарды көгалдандыру, абаттандыру барысында біз 1,8 гектар жерге тұқымбақты ашып жатырмыз. Осы келер ұрпаққа инвестиция ретінде егіп жатырмыз.

Бір жарым гектардан астам аумаққа жайылған тұқымбаққа алғашқы күннен-ақ 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, 2 мыңға жуық тұқым егілді. Алдағы уақытта мұнда өсірілген жасыл желек ауданның ауылдары мен елді мекендерін көгалдандыруға пайдаланылады. Осылайша, сырттан көшет тасымалдауға тәуелділікті азайтып, жергілікті климатқа бейімделген өсімдіктер санын арттыруға мүмкіндік туады.

 АЙГЕРІМ ҚАСЫМБЕК, ЕРІКТІ
Осы іс-шараға өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз. Апайларымызбен бірге келіп, өз үлесімізді қосып жатырмыз.

 Бір тал егу - болашаққа жасалған қамқорлық. Жаңа тұқымбақ ауданның жасыл желегін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да үлес қоспақ. Бүгін егілген әрбір көшет ертең елді мекендердің көркіне айналады.


Бөлісу