Негізгі Жаңалықтар БАЙЛАНЫС САПАСЫ АРТАДЫ

БАЙЛАНЫС САПАСЫ АРТАДЫ

Алдағы үш жылда еліміздің телекоммуникация саласына 1 триллион 300 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.


 Оның айтуынша, биылдың өзінде байланыс инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 500 миллиард теңге бағытталады. Соңғы екі жылда еліміздегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 73,6-дан 93,4 мегабитке дейін өскен. Шалғай елді мекендерді сапалы байланыспен қамту мәселесі де шет қалған жоқ.«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 3704 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады. Бұл – еліміздегі ауылдардың 61 пайызын құрайды. Келесі жылы тағы 1863 елді мекен жоғары жылдамдықты желіге қосылмақ. Ал қалған ауылдар спутниктік интернет арқылы әлемдік желіге қол жеткізеді.

Бөлісу