Негізгі Жаңалықтар ТӨРТ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

ТӨРТ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

ТӨРТ МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Полицейлер олардың төрт ұрлық дерегіне қатысы барын анықтаған. Барлығы Шардара ауданындағы бір тұрғынның қорасынан жылқы ұрланғаны туралы арыздан басталған.


 Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларына кірісті. Оқиға орнын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын да назардан тыс қалдырмады. Нәтижесінде күдікке ілінген екі жергілікті тұрғын анықталып, қолға түсті. Тергеу барысында олардың ауыл тұрғындарына тиесілі тағы бір жылқыны, бір бұзау мен үш қойды ұрлағаны белгілі болды. Ұрланған малды өз меншігіндей көрсетіп, ет қабылдау орындарына өткізген. Полицейлер заттай дәлел ретінде мал терілерін тәркіледі. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 2 миллион теңгеден асады. Қазір екі күдікті де қамауда. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу