Негізгі Жаңалықтар ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІН ТАҚПАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІН ТАҚПАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІН ТАҚПАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Қауіпсіздік белдігін тақпау – жолдағы жауапсыздық. Түркістан облысында жыл басынан бері осы талапты сақтамаған 1400-ден астам жүргізуші анықталды. Ордабасы ауданында полицейлер енді жол қозғалысын дрон көмегімен әуеден бақылап, тәртіп бұзғандарды анықтауда.


 Темірлан ауылындағы Қажымұқан көшесінде түсірілген бейнежазбаларды зерделеу кезінде бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған төрт жүргізуші анықталды. Олардың арасында Changan, Jetta, Ravon және Daewoo Nexia көліктерінің жүргізушілері бар. Құқық бұзушылардың барлығына әкімшілік шара қолданылды. Осы жылдың 10 айында Ордабасы ауданында қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 1426 дерек тіркелген. Полицейлер жол қауіпсіздігін бақылауда заманауи технологияларды қолдануды жалғастырып келеді.

Бөлісу