ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САБАҚ
Түркістан облысы полиция департаментінде 300-ге жуық қызметкердің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған оқу сабағы өтті. Жиында полицейлердің қызметтік жауапкершілігі, құқықтық сауаттылығы және азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мәселелері қозғалды.
Спикерлер қызмет барысында адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және қызметтік тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірме берді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің азаматтармен өзара әрекеттесуіне қатысты стандартты жаднама талаптары таныстырылды. Оқыту барысында заңдылық пен қызметтік әдепті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.