ЗАҢСЫЗ ҚАРУЛАР ТӘРКІЛЕНДІ
Жыл басынан бері елімізде заңсыз айналымнан 2 200-ден астам қару тәркіленді. Оның 190-ы – криминалдық қару. Ал 162-сі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Қараша айының 20-22-сі аралығында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Үш күндік рейд нәтижесінде 188 атыс қаруы, 500-ден астам оқ-дәрі және сегіз граната тәркіленді. Оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару бар. Мәселен, 20 қарашада Түркістан облысында полицейлер Сарыағаш ауданының тұрғынынан бірнеше қару түрін тапты. Тәркіленген заттардың арасында ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон бар.