Негізгі Жаңалықтар ҚАРСЫ ЖОЛАҚҚА ШЫҚҚАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ

ҚАРСЫ ЖОЛАҚҚА ШЫҚҚАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ

ҚАРСЫ ЖОЛАҚҚА ШЫҚҚАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ

Қос тұтас сызықты кесіп, қарсы бағытқа шығу – жолдағы өрескел заңбұзушылық. Түркістан қаласында жол ережесін елемеген 53 жастағы жүргізуші бейнебақылау камерасына түсіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


 Бір сәттік асығыстық ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Түркістан қаласындағы Нышанов көшесінде Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Қауіпті маневрді жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Заңбұзушылық жасаған 53 жастағы жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын ескертеді. Өйткені қарсы жолаққа шығу – жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін қауіпті әрекет. Бірнеше секунд үнемдеймін деп, өзгенің де, өзінің де өміріне қауіп төндіруге болмайды. Айта кетейік, биылғы 10 айда жедел басқару орталығының қызметкерлері қарсы бағытқа шығудың 50-ге жуық дерегін тіркеген.


Бөлісу