КІТАПХАНАШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Шымкентте мәслихат депутаттарын сайлау жалғасуда. Саяси науқанға руханият саласының өкілдері де белсенді қатысуда. Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері ұжым болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Таңғы сағат жетіден бастап №228 сайлау учаскесінде сайлаушылар легі көбейді. Алғашқылардың қатарында кітапхана қызметкерлері де болды. Күнделікті оқырманға рухани азық сыйлап жүрген мамандар бұл жолы азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Олардың пікірінше, әрбір дауыс - елдің болашағына қосылған үлес.
Ал №228 сайлау учаскесінде барлығы 2678 сайлаушы тіркелген. Дауыс берушілер үшін қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері сайлау процесінің белгіленген тәртіппен ұйымдастырылғанын айтады.
Осылайша, кітапхана ұжымы да маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауын жасады. Айта кетейік, қаладағы сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру құқығы бар әр азамат үшін таңдау жасауға әлі де уақыт бар.