«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІ БЮДЖЕТТІ БЕКІТТІ
«Бәйтерек» холдингі келер жылға арналған бюджетті бекітті. Директорлар кеңесі қабылдаған қаржылық құжатқа сай, экономиканы қолдауға 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінбек. Алайда қомақты қаржыны игерумен қатар, оның тиімді жұмсауға да қатаң талап қойылып отыр.
Бекітілген бюджет бойынша 1 триллион теңгеден астам қаражат өңдеу өнеркәсібіне, инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталмақ. Сонымен қатар холдингтің қатысуымен ел аумағында 2,7 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаларды қаржыландыру үшін ұлттық компания қажетті қаражаттың 54 пайызын сыртқы нарықтан тартуды көздеп отыр. Ал екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлікті қаржыландырудағы үлесі жеке бағаланады.