Негізгі Жаңалықтар «17» ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

«17» ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Шымкентте «17» Жастар театрының жаңа ғимараты ашылды. Сахнада шығармашылығын шыңдап, қойылымдарына түрлі тақырыпты арқау етіп жүрген ұжым енді камералық театр үлгісінде өнер көрсетеді. 2018 жылы негізі қаланған өнер ордасы осы сәтке дейін 20-дан астам көрініс қойып, көрермен көзайымына айналып үлгерді.


Шығармашылық ұжым жаңа маусымның шымылдығын «Мені күт» қойылымымен түрді. Отбасы құндылығына негізделген бұл спектакль ажырасу тақырыбына арналды. Салтанатты ашылу рәсіміне келгендер сахналық көріністі тамашалап, көзқарастарын ортаға салды. Жиырмаға жуық талантты топтастырған театрдың алға қойған жоспары көп.


 РҮСТЕМ ӘУЕЛБЕКОВ, «17» ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
 Бұл – камералық театр. Яғни шағын адамдарға арналған қойылым. Мұндай театр шетелде өте көп. Сахна айналады, лэд экранмен, жарықпен жабдықталған. Соңғы жабдықтарды қойып, жасап жатырмыз.


Бөлісу