Негізгі Жаңалықтар САЙЛАУДА БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

САЙЛАУДА БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

САЙЛАУДА БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК

Шымкенттегі 365 сайлау учаскесінде әр азаматтың дауыс беруіне мүмкіндік қарастырылған. Денсаулық жағдайына қарамастан, тұрғындардың конституциялық құқығын жүзеге асыруы үшін учаскелер арнайы жабдықталған. Атап айтқанда, пандустар, тактильді көрсеткіштер мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған құпия дауыс беру кабиналары орнатылған.


Қаратау ауданының тұрғыны Қайрат Әбдірахманов та сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Көру қабілеті толық шектелген азамат учаскеге келген сәттен-ақ өзіне қажетті жағдайдың қарастырылғанын байқаған. Оның айтуынша, мұндай қолжетімді орта дауыс беру процесін жеңілдетеді.


Ал Тұран шағынауданындағы «Зияткер Тұран» мектебінде орналасқан №337 сайлау учаскесінде 1780 сайлаушы тіркелген. Мұнда да ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Учаске комиссиясы сайлаушыларға қажетті көмек көрсетуге дайын.


 Сайлау учаскелеріндегі қолжетімді орта - әр азаматтың таңдау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына жасалған мүмкіндік. Қоғамдағы инклюзивтілік те осындай нақты қадамдардан басталады. Өйткені дауыс беру құқығы баршаға ортақ.

Бөлісу