Негізгі Жаңалықтар ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ

ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ

ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫ

Шымкенттегі сайлау учаскелерінде таңнан бері тұрғындардың белсенділігі жоғары. Ел ертеңі үшін маңызды саяси науқаннан «Бал Текстиль» кілем фабрикасының ұжымы да тыс қалған жоқ. Кәсіпорын қызметкерлері учаскеге барып, өз таңдауынн жасады.


АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
-Шымкенттегі сайлау учаскелерінде дауыс беру белсенділігі артты. Саяси науқанға тұрғындармен қатар,қаладағы ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары да қатысып жатыр. Солардың бірі – «Бал Текстиль» кілем фабрикасының ұжымы. Бүгін кәсіпорынның 30 қызметкері №196 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады. Өндіріс мамандарының айтуынша, саяси науқанға қатысу – баршаға ортақ жауапкершілік. Ұжым мүшелері ел болашағына қатысты маңызды сәттен тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.


АЛМАЗ АБИШЕВ, «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Біз ұжым болып әр сайлауға келеміз.Себебі,Қазақстанның болашағы, қаланың болашағы біз үшін өте маңызды болғаннан кейін дауыс береміз.Бүгін отызға жуық қызметкер келіп, дауыс берді.


 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
-Жалпы, №196 сайлау учаскесінде таңнан бері қарбалас. Мұнда бірнеше сағаттың ішінде 90-ға жуық азамат келіп, дауыс беріп үлгерген. Учаскеде тұрғындардың белсенділігі де жоғары.


ҚАЙРАТ АРЫКОВ, №196 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ
 -Бізде 1172 сайлаушы бар.Олар партиялар мен мәслихат депутаттарына дауыс беріп жатыр.Сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.


 АРУЖАН САМИДИН, ТІЛШІ
-Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгін елдегі 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626, ал 170 аудандық мәслихатқа –2 153 мандат бөлінген. Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың депутаттары бірмандатты округтер бойынша іріктеледі. Ал мегаполистер мен облыстық мәслихаттарда аралас жүйе қолданылады.

Бөлісу