УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ДАУЫС БЕРДІ
Шымкентте мәслихат депутаттарын сайлау науқаны жалғасуда. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ғимаратында орналасқан №98 сайлау учаскесінде де дауыс беру жүріп жатыр. Мұнда университет ректоры Қайрат Балабиев отбасымен бірге келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Университет басшысы отбасы мүшелерімен бірге сайлау учаскесіне таңертең келді. Оның айтуынша, бүгінгі таңдау - бір үміткерге дауыс берумен шектелмейді. Бұл - қаланың келешегі мен оның дамуына қатысты азаматтық ұстанымды білдіру мүмкіндігі.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ
Бүгін таңертеңнен отбасымызбен сайлауға келдік. Бұл таңдау бір үміткерді ғана емес өзіміздің болашағымызды қаланың болашағы үшін қаламыздың көркейуі үшін біз дауыс береміз.
Саяси науқанға оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері де белсенділік танытуда. Университет ұжымы тұрғылықты мекенжайлары бойынша өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді. Ал №98 учаскеде сайлау комиссиясы жұмысты белгіленген тәртіппен ұйымдастырған.
БЕРКІНБАЙ ШУЛАНБЕКОВ, №98 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Жалпы сайлауға қатысушылар бізде белсенді. Бүгін төрт байқаушы келіп отыр. Комиссия мүшелері сақадай сай. Таңнан бері 10 нан астам азамат келіп таңдауын жасады.
№98 сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері мен байқаушылар сайлау барысын бақылап отыр. Қала тұрғындары өз таңдауын жасап, мәслихат депутаттарын сайлау науқанына қатысуда.