Негізгі Жаңалықтар ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУДЫ ШАШУМЕН БАСТАДЫ

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУДЫ ШАШУМЕН БАСТАДЫ

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУДЫ ШАШУМЕН БАСТАДЫ

Шымкентте мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Мегаполистегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері таңғы сағат 7-де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ұлттық киімдерін киіп, ән мен шашуды ала келген топ сайлау учаскесіне ерекше сән берді. Олар маңызды саяси науқанды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Толығырақ тілші материалында.


 Сайлау учаскесіне жиналған жұрттың қарасы қалың. Этномәдени бірлестік мүшелері бұл күнге ерекше дайындықпен келді. Бірі ұлттық киімін киіп, енді бірі ән-жырдан шашу шашты. Олар ұжым болып дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Саяси науқанға мерекелік реңк берген топтың көңіл күйі де көтеріңкі.


СҰЛТАНБЕК ДАУРАНБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Міне бүгін осындай үлкен науқан болып жатыр. Осыған атсалысып келіп отырмыз. Еліміз отанымыз тыныш шүкір. Дұрыс саясат жүргізіп отырған мемлекет басшыларына рахмет.


№4 сайлау учаскесінде дауыс беру Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Таңғы сағат 7-де есігін ашқан учаскеде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері алғашқы минуттардан-ақ тұрғындарды қабылдауға кірісті. Учаске өкілдерінің айтуынша, дауыс берудің алғашқы сағатында-ақ белсенділік байқалған.


 ЗАЙТУНА ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, №4 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 30 шақты адам кеп қалды. Сайлау жақсы өтеді деп ойлаймын. Себебі әр сайлау кезінде адам көп келеді.


 Айта кетейік, №4 сайлау учаскесінде 881 сайлаушы тіркелген. Таңмен таласа келген тұрғындар өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті. Олардың қатарында өзге этнос өкілдері де бар.


 ТАТЬЯНА БЕЛИЦКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Я как представитель Қазақстана Мен Қазақстан азаматы болғасын саяси науқанға қатысуға міндеттімін. Осында келіп  азаматтық борышымды өтеп өз таңдауымды жасадым.  Көңір күй керемет. Мерекекені таңнан сезініп жатырмыз. Еліміз тыныш халқымыз аман болсын.


Әнмен басталып, шашумен жалғасқан таңғы науқан. №4 сайлау учаскесінде дауыс берудің алғашқы сағаттары осындай ерекше көңіл күймен өрбіді. Тұрғындар үшін бұл - жай ғана дауыс беру емес, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үн қосу мүмкіндігі.

Бөлісу