Негізгі Жаңалықтар IT ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТАҢДАУЫ

IT ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТАҢДАУЫ

Цифрлық технологиялар мен инновация - ел дамуының маңызды қозғаушы күшіне айналды. Осы салада еңбек етіп жүрген мамандар қоғамдық өмірден де шет қалмай, азаматтық белсенділік танытуда. Бүгін Shymkent Hub өкілдері де сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.


 IT саласының мамандары, жас кәсіпкерлер мен тың жобалардың авторлары №14 сайлау учаскесінде дауыс берді. Shymkent Hub - өңірдегі технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа идеяларды қолдауға және цифрлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта. Қауымдастық өкілдері үшін бүгінгі саяси науқанға қатысу - азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Айта кетейік, №14 сайлау учаскесінде 1 544 азамат тіркелген. Учаске төрағасының мәліметінше, әзірге 120-дан астам тұрғын дауыс беріп үлгерген.

Бөлісу