ПАРАСАДАҚШЫ ЖАНАТ АЙТИМОВА САЙЛАУҒА ҚАТЫСТЫ
Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген спортшылар да саяси науқаннан шет қалған жоқ. Әлемдік додада топ жарып, көк туымызды биікте желбіреткен саңлақтар бүгін азаматтық белсенділік танытты. Солардың бірі - пара садақ атудан әлем чемпионатының командалық сынында алтын медаль иеленген Жанат Айтимова.
Спортшы №35 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Жанат Айтимова қаланың болашағы мен дамуы үшін әр тұрғынның белсенділігі маңызды екенін айтады.
№35 сайлау учаскесінде 1 388 сайлаушы тіркелген. Учаске Самал-1 шағынауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Комиссия төрағасының айтуынша, бұған дейінгі науқандарда тұрғындар белсенділік танытқан. Бұл жолы да сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келеді деген болжам бар.
Қоғамдық өмірге араласу - әр азаматтың жауапкершілігі. Ал ел болашағына қатысты маңызды шешімдерде тұрғындардың белсенділігі айрықша мәнге ие.