ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІ
Тұран ауданында да сайлау науқаны қарқынды. Таңнан бері тұрғындар учаскелерге ағылып, азаматтық белсенділік танытуда. Дауыс берушілер арасында жастар да, аға буын өкілдері де бар. Кейбірі бұл күнді отбасылық дәстүрге айналдырған.
№69 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды. Мұнда 2 935 сайлаушы тіркелген. Алғашқы сағаттардан-ақ тұрғындардың белсенділігі байқалған. Сайлау барысын бақылаушылар да жіті қадағалап отыр.
САТТАР НӘБИҰЛЫ, №69 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Таңертең 7-де гимнді ойнатып, сайлауды бастап кеттік. Келіп жатқан халықтың көңіл-күйі жақсы. Сайлауға белсенді қатысып жатыр. Біздің сайлау учаскесінде 2935 сайлаушы бар тізімде. Алған блютиндеріміздің саны- 2964. Қазір сағат 12-ге қарай 232 сайлаушы дауыс беріп кетті. Бақылаушыларымыз тіркелген. Бақылаушыларымыз отыр бақылап, сайлау өте әділ өтіп жатыр.
Түске қарай учаскеге келушілер қатары арта түсті. Бірі отбасымен, енді бірі жақындарымен бірге келген. Солардың қатарында Лаура Рахымбайқызы да бар. Ол жолдасымен бірге келіп, азаматтық міндетін орындады.
ЛАУРА РАХЫМБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мынау үлкен елімізге елеулі іс-шара өтіп жатыр елімізде. Халық қалауларын таңдап жатқан жағдайымыз бар. Біз оған бей-жай қарай алмаймыз, әрине. Келдік, отбасымызбен. Қазір ұлдарымыз келе жатыр. Жолдасымыз екеуміз участікке келіп, Байқоңыр көшесінен дауыс беріп жатырмыз.
№69 учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Тұрғындардың белсенділігі саяси науқанға деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады. Учаске жұмысы белгіленген тәртіпке сай жалғасып жатыр.