ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ АРМАН ҚАЛАСЫ
Сайлау - ел болашағын айқындайтын маңызды науқан. Ал болашаққа деген сенім балалардың суреттерінен де көрініс тапты. Кентау қаласындағы №41 сайлау учаскесінің алаңында «Болашақ суретшілері» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Бояу мен қиял үндескен байқауда балалар «Менің арманымдағы қала» тақырыбында сурет салды. Бірі жасыл желекке бөленген шаһарды бейнелесе, енді бірі заманауи ғимараттар мен әсем көшелерді қағазға түсірді. Әр жұмыстан туған қалаға деген сүйіспеншілік пен жарқын болашаққа деген үміт байқалады.
АЙДАНА ОРЫНБАСАР, МҰҒАЛІМ
– «Бұл балалар 5-6 сынып оқушылары. Бұл бірінші рет емес, жиі мұндай іс-шаралар өтеді.»