Ұлттық дәстүр - ұрпаққа үлгі. Шымкентте ұлттық дәстүр ұлықталып, әдет- ғұрып насихатталды. Тағылымды іс-шара «Сұңқар» мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Жиында балалар ән айтып, би биледі. Қыдыр ата бата беріп, қазақы қойылым сахналанды.  

 Қазақтың төл жаңа жылы - Наурыз мейрамы көктем бойы тойланады. Жер-жерде ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүр насихатталады. Осылайша, ұлттық мүдде жолында қызмет ететін саналы бала тәрбиелеуге болады дейді, - ұстаздар. Осылайша Шымкенттің қақ төріндегі «Сұңқар» мектеп-гимназиясы ұлыстың ұлы күнін тойлады.

Мерекелік шарада Қыдыр ата «ақ мол болсын, бәле-жала жерге енсін», - деп, батасын беріп, жақсылықтан үміт етті. Ән мен жырдан шашу шашып, балаларға базарлық үлестіріледі. Көктемнің шуақты күнінде оқушылар Наурыз көжеге тоя ішті.  

Міне, осылайша көктем мезгілі бойы Наурыз –думан жалғаса береді. Ұстазхдар қауымы бұл -  бала бойына рух сыйлап, патриотизм сезімін күшейтуге әсер етеді деп есептейді. Ата-аналар да осы пікірге қосылады.

Бала бойына саналы тәрбие, сапалы білім беретін мектеп ұжымы ұлттық дәстүрді ұрпаққа үлгі ете береді. Перзентіңіз заман талабына сай жан-жақты білім алсын десеңіз, «Сұңқар» мектебінде жаңа оқу жылына қабылдау басталды.