Шымкентте мектептен өрт шықты. Еңбекші ауданына қарасты екі қабатты оқу ғимаратының шатыры өртенген. Оқиға сабақ уақытында орын алғандықтан, оқушылар мен оқытушы құрам дер уақытында қауіпсіз орынға шығарылған. Зардап шеккендер жоқ. Мектепте түскі ауысымда білім алатын оқуышлар онлайн дәріс өткізді. Ертеңгі сабақтар дәстүрлі түрде жалғасатын болады.
Еңбекші ауданына қарасты №104 ші мектептің негізі 1976 жылы салынған. 201 жылы күррделі жөндеуден өтіп, 2017 жылы қосымша ғимарат салынған. Өрт болған кезде балалар дәрісте болған. Түтінді ең алдымен кезекші қызметкерлер байқап қалған.
Өрт төтеншеліктердің ықпалымен айналасы 45 минуттың ішінде сөндірілген. 4 ғимараттан тұратын мектептің өрт шыққан бөілігінде 350 бала білім алатын-ды. Таңғы уақыттағы қолайсыз жағдайдан соң түскі ауысымдағы оқуышыларға қашықтықтан дәріс өткізілді.
Мектепте барлығы 1547 оқушы цбілім алады. Бұған дейін құрылыс кезінде де одан кейін де ешқандай тоқ көздерінен ақау шықпаған. Оқыс оқиғаға жолға шыққан 19 өрт сөндіру көлігінің 9-ы кері қайтарылған. Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрап отыр. Мәселенің анық-қанығы анықталу үстінде.