Шымкентте есірткі сақтаушы қылмыс үстінде ұсталды. Ер адамнан аса ірі мөлшерде синтетика тәркіленшген. Қаратау ауданы аумағында қолға күскен күдікті қамауға алынды.

Қаратау ауданына қарасты полицейлер тобы арнай рейд жүргізген. Нәтижесінде бірқатар қылмыстың беті ашылған. Мамандар аудан аумағында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының аясында белгісіз азаматтар 36 орама мефедрон затын тәркілеген.

Күдікті алдымен жалтаруға тырысып, полицейлерден қашпақ болған. Бұл әрекетінен түк шықпай, құқық қорғаушылардың құрығына іліккен. Ол бұл жұмысты ғаламтордан келген тапсырыс аясында орындап жүргенін айтқан.

 Белгілі болғандай күдікті есірткі жасырған орындарды мессенджер арқылы бөлісіп отырған. Қазір ол қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.