Түлкібастағы Састөбе цемент зауыты Шерхан Мұртаза атындағы қоғамдық қормен бірлесіп Ақтөбеге  100 тонна цемент жіберді. Өңірдегі ең ірі кәсіпорын осылайша тасқын саудан зардап шеккең аймаққа алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. 500 ден астам адам еңбек ететін алып кәсіпорын алдағы уақтта да зардап шеккен аймаққа көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
ҚАНАТ ЖҮНІСБЕК, ТІЛШІ

- Қайрымды істің қайтарымы мол»Түркістан облысындағы ірі кәсіпорындар кешегі топан судан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек жібере бастады. Бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

Састөбе семент зауыты сонау 1952 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде мұнда 550 ден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорын цементтің жеті түрлі маркасын шығарады. Енді ақ цемент шығаруға әрекет етіп жатыр екен. Халықааралық стандартқа сай келетін өнімнің 40 пайызын экспорттайды. Отандық өнім өндіруші кәсіпорын елдегі жағдайға байланысты Ақтөбеліктерге 100 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Кәсіпорын басшылығы бұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақтта да топан судан зардап шеккен аймаққа сапалы цемент өнімдерін жеткізуге әзірміз деп отыр.Бұл жолғы қайрымдылық көмекті Шерхан Мұртаза атындағы қоғамдық қормен бірлесіп жіберді.

Тасқын судан зардап шеккен аймаққа Түлкібастықтарда қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.Ауыл азаматтары мен кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер өз үлесін қосқан.Шағын ғана Сасбөбе кентінің тұрғындары 2 миллионға жуық қаржы жинаған. Оған қажетті заттар алыныпты.

 Ел басына күн туған шақта қол ұшын созу азаматтық борыш,дейді Түлкібастықтар. Оған қоса «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендер тазаланып, тал-дарақтар ақталған. Ең бастысы ауыл-аймақтағы арық-атыздар тазаланыпты.

 Састөбе цемент зауытындағы өндіріс экологиялық сапа стандартына сай.Зауыт техникалық филтрлер орнатқан.  экологиялық сапа стандарттарына сай  өнімдер  тиелген бес бірдей жүк көлігі Ақтөбеге қарай жолға шықты.