Шымкенттіктер табиғи таза азық-түлікті қолжетімді бағамен, заманға сай жабдықталған базардан ала алады. Бүгін  «Дихан-Бахыт»  сауда орталығы ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Базардың басты бағыты - өндірушілер тауарларын, ортадағы делдалдың көмегінсіз, өздері тікелей әкеле алады.


 «Дихан-Бахыт» базары «Тұран» мөлтек ауданында бой көтерген. Базар құрлысы үшін 7 гектар жер телімі бөлінген болса, жүк қоймаларға 4 мың шаршы метір,  сауда орнының жалпы аумағы 2 мың   шаршы метрді құрайды. Базардың ерекшелігі тек азық-түлік өнімдері сатылады және және 24 сағат демалыссыз  жұмыс істейді.

Талапқа сай салынған сауда кешенінде келушілер мен сатушыларға Қонақ үй мен қатар асхана қарастырылған. Қос қабатты ғимаратта көпшіліктің жүріп-тұруына ыңғайлы. Арнайы автотұрақта бар. Базардың сыртта орналасуының себебі,  кептелісте тұрмайсыз.  Аудан – аймақтарға шығып кетуге де қолайлы. Тұтынушыларға азық-түлік тауарлары жергілікті нарықтағыдан төмен бағада сатылады. Қала  тұрғындары үшін үнемі жәрмеңкелер ұйымдастырылатын болады. Бүгін базар басшылығы төтенше жағдай орын алған аймақ тұрғындарына гуманитарлы көмек жіберіп, демеу көрсетті.

Сауда орындарын жалға алатын кәсіпкерлерге 3 айға дейін түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, базар басшылығы ашылу рәсіміне орай ас беріп,  қала тұрғындарына  арнайы лотерея ойнатып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірді.