Париж олимпиадасына қатысу үшін барлық спортшы лицензиялық турнирден жеңіп шығуы керек. Бишкекте өткен грек рим күресінен Азия чемпионы 130 келі салмақтағы Әлімхан Сыздықов 1/2 финалда Қырғызстан балуанымен белдесіп жолдама жеңіп алды.

Жекпе-жекте Әлімхан Сыздықовтың шеберлігін мамандар жоғары бағалады. Қазақ балуанының жолын жабу үшін қаншама кедергілер жасалды. Тіпті шешуші кездесуде  Біздің балуанға ережеге сай емес жұдырықпен күш көрсетілді. Төрешілер сары қағазбен бапкерге тап берді. Бапкер мен балуан бар сынақтан сабырмен сүрінбей өтті.

Балуандардың лайықты белдесуі үшін барлық жағдай жасалады.  Әлімхан Сыздықовтың Бишкек қаласындағы  лицензиялық жарыстаға жеңіске деген жігерлілігін жоғары бағалады. Федерация басшылығы Әлімхан Сыздықовтың жаттықтырушысы Бисолт Дециевке алғыс білдіріп, Парижде өтетін ойынға сәттілік тіледі!

Шымкент грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы бұл жетістікті Шымкенттегі барша күрес қауымының еңбегі деп атап өтті. Ендігі жанкүйерлер Мейіржан Шермағанбет пен әйелдер күресінен Елена Шалыгинаның өнерін тамашалайды.