Шымкентте мұнай өнімдерінің жағдайы көңіл көншітпей тұр. Бағаның тұрақсыздығы, жанар жағармайдың заңсыз сатылымы тиылар емес. Мегаполисте көлік азығының қажеттілігін өтеп отырған мекемелерді бақылай-қадағалау ісі де шикі. Мамандар осы бағыттағы шағын және орта бизнестің дамымай тұрғанына алаңдаулы. Мәселенің шешу жолдары арнайы мәжілісте талқыланды.

Мегаполисте күн санап көлік ағыны көбюде. Соның себебінен жанар жағар майға деген сұраныс та артып отыр. Қалада 196 жанар жағар май құю бекеті мен 4 мұнай базасы бар. Қазір қорда 9505 тонна 92-ші маркалы бензин бар. Жартысы Түркістан облысына тиесілі.

 Әр жыл сайын мұнай өңдеу зауытында жөндеу жүруіне байланысты жанар жағар майдың тапшылығы сдезілетін-ді. Алайда биыл алдын ала әрекеттің нәтижесімен өнім көлемі артқан. Мамандар апта сайын бағаға да бақылау жүргізіп отырады.

Саладағы негізгі мәселенің бірі – мұнай өнімдерін өңдеу саласының ақсап тұрғаны. Мамандар ірі жанар жағар май бекеттеріндегі жұмысты шағын орталықтарда да дамыту жайын қозғады. Бәсекелстікті арттыру арқылы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру мәселесін көтерді.

Айтып өтейік, мегаполисте ай сайын 92-ші маркалы 124 мың тонна бензинге сұраныс бар. Сондай-ақ, 3 мың тонна 95-ші маркалы жанар жағармай тұтынады. Қазір қорда 8 347 тонна дизель ортыны бар. Оның 3,5 тоннасы ауылшаруашылық саласына тиесілі.