Қазақстанда әр 5-ші бала семіздіктен зардап шегеді. ДДСҰ келтірген статистикасын айтып, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дабыл қақты. Сөзінше, жасөспірімдердің дұрыс тамақтанбауы, ағзасының әлсіздігі ұлт денсаулығының қасіретіне айналуы мүмкін. Ал оның негізгі себептері тым тереңде жатқан көрінеді.

Дұрыс тамақтанбау баланың даму процесінің тежелуіне әкеп соқтырады. Бұл аксиома. Бүлдіршіннің ағзаға керекті витаминдер мен минералдарды алудың ең дұрыс жолы да – тамақ. Себебі, синтетикалық дәрумендерді үнемі қолдану организмге ауыр болуы мүмкін. Қала әкімінің орынбасары білім мекемелерінің өкілдері алдында сөз сөйлеп, дабыл қақты.

Дүниежүзілік ұйымның балалар арасында жүргізген сауалнамасы нәтижесінде, жеткіншектер мектеп кезінде дәретханаға барғысы келмейтіні анықталған. Себебі, шаһардағы мектептердің басым бөлігінде әжетхана ашық-шашық жатады, тазаланбайды, тіпті сабын мен жылы суды табу қиын екен.

Сәрсен Құранбек мектеп пен колледж басшыларына қатаң ескерту жасады. «Жұмыс жасаңыздар немесе орын босатыңыздар» деді. Себебі, бәсекелестік болған жерде ғана сапа жоғарылайды. Осыған байланысты білім басқармасына гигиеналық заттардың есебін алып, тоқсан сайын бөлінген қаржыға талдау жасауды тапсырды.