Сайрам ауданының оқушылары «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының өмірімен танысты. Шара 10-шы сынып білімгерлерінің алғашқы әскери дайындық сабақтарында алған білімін бекітуге бақытталған. 40-қа тарта жеткіншек әскери өмірмен танысып, қару-жарақты қолдану тәсілдерін меңгерді.

Қонақтарды әскери нұсқаушылар мен бөлім тәрбиешілері қарсы алды. Болашақ Отан қорғаушылар бөлімнің әскери қызметшілерінің өмірі мен қандай қызмет атқаратынын өз көздермін көріп, қару-жарақ, әскери техника мен жеке қорғаныс құралдарының үлгілерімен қызығушылықпен танысты.

 Бұл күндері оқушыларға әскерде, Тәуелсіздік жылдарында қандай өзгерістер болғандығы және бөлімнің тарихы туралы  айтылды. Мамандардың қолдауымен балалар Калашников автоматын бөлшектеуге және құрастыруға машықтануға, қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көруге және қайталауға мүмкіндік алды, сондай-ақ жалпы әскери қорғаныс костюмін киіп, радиохимиялық қорғаныстың негіздерімен танысты.

 Тимур Қадыров, оқушы
- Мен бұл жерде әскери өмірмен танысып отырмын. Болашақта әскери мамандықты таңдап жатырмын. Сондықтан болса керек, маған өте қызық юолып жатыр. Өмірімде қару ұстап көрмеппін, осы жерге келіп оны құрастыру жағымен де танысып жатырмыз. Жылдамдық, ептілік жайы да үйретілуде.

Әскерилер мен мектеп оқушыларының кездесуі жүйелі әскери-патриоттық жұмыс және әскерге шақырылуға дейінгі жастарды кәсіби бағдарлау аясында өткенін атап өтейік, оған бөлім басшылығы айтарлықтай көңіл бөледі.