Атасына еркелеп бала келер, ата  көрген жас бала дана келер. Атадан мереке емес өнеге қалсын. Мегаполис қариялары өнегелі істі қолға алды. Олар немерелерін ертіп тазалық жұмысына атсалысты.   Шымкентте  «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде.

Абай саябағында өткен шара    ұрпақтар сабақтастығына арналып отыр. Қариялар немерелерін ертіп бақ тазалағына бірге кірісті. Олар  жас ұрпаққа  туған қаласын қалай құрметтеу керектігін көрсетті.

Акцияның атауы Ұрпақтар сабақтастығы болуының өз себебі бар. Баланың мінез-құлығы отбасыда қалыптасады. Тек тазалық ғана емес отаншылдық қасиеттерді ұрпақ бойына бала күннен сіңіру керек –дейді зиялы қариялар.

 Акция аясында Абай саябағының шалғын шөбі орылып, ағаштар әктелді.  Аталар балалар орылған шөпті жинап бақты аршыды. Елімізде қолдау тапқан бастамаға Шымкенттің өзінде осы күнге дейін 25 мыңдай адам тартылған.

Кішіге ізет үлкенге құрмет. Акция аясында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бастаған топ соғыс ардагері Нина Мосунованың үйіне арнайы барды. 100 жасар ардагерді құтықтап тазалық шарасына атсалысты. Нина әжей 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметшы болып қатысқан.

Нина Мосунова, соғыс ардагері
- Всем желаю здоровья Мен барлығына зор денсаулық тілеймін Ең бастысы елде бейбітшілік болсын Халқымыз аман болсын Менің жасымды бере берсін баршаңызға. Еліміз көркейе берсін.

Әкімнің орынбасары қызыл тілмен емес қызу жұмыспен ардагерге деген құрметін көрсетті. Галстугін шешіп кеуананың қақпасын сырлады.

 Осылайша Шымкенттегі бір күн қызу шарамен басталды. Қаланың барлық аудандарында акция жалғасын табуда. Үшінші мегаполис арамы шөптен аршылып қаланың тынысы ашылып қалды.