Шымкентте бір автобусқа күніне кететін қаражат көлемі талқыланды. Қоғамдық кеңес отырысында белсенділер бір қоғамдық көлікке бір күнде 150 мың теңге бөлінетінін айтып, мұның есебі қалай алынатынын сұрады. Транспорт басқармасының басшысы жауап берген. Не дейді екен?

1 мамырдан бастап қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын азаматтар категориясы шықты. Бұл қала тарихында бұрын-соңды болмаған. Әсіресе, оқушылардың тегін жүруі көпті қуантпай қоймады. Бірақ, қоғамдық кеңес мүшелері автобусқа күніне 150 мың теңге субсидия бөлінетінін айтып, мұның рас-өтірігін анықтауға тырысты.

Басқарма басшысы төлемнің жүргізушінің жеке шотына аударылуы немесе чексіз қолма-қол ақша төленуі проблемаларын жоққа шығарған жоқ.Транспорт компанияларына ескерту беріліп жатыр, тұрғындарға да түсінедірме жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта жолаушылар көлік жүргізушісімен ұшыраспайтындай арнайы әйнек орнату көзделіп отыр. Жиында валидаторлардың қазақша сөйлеу мәселесі де тілге тиек болды.

 Аталған мәселенің бары жасырын емес деді басқарма басшысы. Барлығы қаражат мәселесіне келіп тіреліп отыр. Мамандар экономикалық тиімді жолдарын қарастырады. Мониторингтің жұмыс нәтижесінде жолаушылардың 30 пайызы мүлде төлемейді немесе тексеру қызметін көрген кезде ғана төлей бастайды. Қазір жүйеге жаңа инвестор қосылып жатыр, ол компанияда тескеру қызметі кірген бойда валидаторларды өшіріп тастау мүмкіндігі болмақ.