Өрт сөндіру көлігіне жол бер. Төтеншеліктер осындай тақырыпта іс-шара ұйымдастырды. Олар қызыл жалынды сөндіретін арнайы техниканың сиренасын қосып, қала көшелерінде жүріп өтті.  Әлеуметтік желіде әлем елдерінің жүргізушілері қалай жол беретінін көз көріп жүр ғой?! Ал кептелісте тұрған Шымкенттік  көлік тізгіндегендер арнайы техникаларға жол бере мекен? Әріптесім Нұрлан Пайзов өрт сөндіру көлігімен қала көшелерін аралап көріп еді.

 Соңғы уақытта қалада автокөліктердің көбеюі  кептелістің пайда болуына әкеліп отыр. Мұндай жағдай шұғыл шақыру орнына асығатын өрт сөндірушілер үшін қиын. Оның үсіте көптеген автоәуесқойлар арнайы авто техникаға жол бермейді. Ал мұндай әрекет көмек қажет адамның өміріне қауіп төндіреді.

 Дыбыстық сигнал қосылған арнайы автокөліктерге жүргізуші жол беруге міндетті.  Олай болмаған жағдайда ол заң талаптарына сәйкес жауап береді.  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен  рейдке шыққан полиция қызметкерлері жол бермегендерге ескерту берді. Ал жүргізушілердің басымы арайы техникаға жол беретіндерін айтты.

Өрт сөндірушілер үшін әрбір секунд маңызды. Адам өмірі мен денсаулығы олардың оқиға немесе өрт орнына шұғыл жетуіне тікелей байланысты. Рейд барсында өрт сөндіру көліктері маяктарын жағып, арнайы дыбыс сигналымен қаланың жүктемесі ең көп көшелерімен жүріп өтті. Нәтижесінде бір жүргізушіге қатаң ескерту беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Айта өтейік мұндай рейдтік іс-шара  жылына төрт рет өткізіледі. Мұндағы мақсат өрт сөндіру көлігін шақыру орнына кедергісіз өту мәселесіне тұрғындарды құлақтандыру, жүргізушілер арасында мәдениетті қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларынан қорғау.