Шымкенттік полицейлер адам өмірін сақтап қалды. Екі баланың әкесіне қайта өмір сыйлады.

Тәртіп сақшылары ер адамның Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпірінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама алған. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқаған. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарған. Аталған оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған. Күнделікті қызмет барысында полицейлер әртүрлі жағдайларға тап болады. Әрқашан азаматтарға қиын сәтінде көмек көрсетуге барын салады. Екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалғанын тәртіп сақшылары бақытқа балап отыр.