Шымкент қаласында соңғы 4-5 жылдың көлемінде ақындар айтысы өткізілмеген. Осыған орай 2024 жылы мегаполисте Республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы қалалық  мәдениет тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

  Мамандардың сөзінше   мамыр айына жоспарланған мерекелік іс-шараларды өткізу еліміздің өңірлерінде  орын алған алапат тасқан салдарынан туындаған күрделі  ахуалды ескере отырып, салтанатты шаралар қарапайым форматта өткізіледі. Ал мәдениет мекемелерінде көрме, тарихи сағаттар және  зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен әскери-патриоттық тақырыптағы өлеңдер челленджі ұйымдастырылып, Жеңіс күнінде «Даңқ» мемориал кешенінде гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілмек.

Атаулы даталардан бөлек, қаламызда рухани құндылықтардың ордасы- мәдениет мекемелерінің  мерейтойларын  атап өтуге  дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 Сондай-ақ театр сүйер қауым үшін де жағымды жаңалықтар жетерлік. Елімізге белгілі  Өзбекстан Республикасының  Ферғана Андижон облыстық қуыршақ театры мен Сырдария музыкалық мәдени ошағы Шымкент қаласына мамыр айына арнайы гастрольдік сапарымен келеді деп күтілуде.