Ардагерлерді – ардақтайық! «Таза Қазақстан» акциясының дәл осы апталығы қарттар үйі мен қазыналы қарияларымыздың ауласын абаттандыруға арналып отыр. «Өнегелі ұрпақ» деп аталатын бұл жетіде Абай ауданындағы тыл ардагері мен батыр ананың көшесі күл-қоқыстан тазартылып, ауласы абаттандырылды.   

 Коммуналдық қызметкерлердің жұмысы таң атпастан қыза түсті. Бұл жолы қала көшелерінде емес, шағынауданда шөп жұлып, үй іргесін тазаланбақ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ардагер ақсақалдың ауласын абаттандырылып жатыр. Ал бұл жұмыстарға әкім орынбасары бастаған жергілікті билік қызметкерлері де үлес қосып жүр.

 Самсабек Болатбеков – тыл ардагері. Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны. 40 жыл ұстаздық етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жасы 95-ке жақындаған ақсақал ауласын абаттандыруға келгендерге алғыс айтты.

«Өнегелі ұрпақ» экологиялық апталығында ауданға қарасты тыл және еңбек ардагерлерінің ауласы түгел тазаланады, - жауаптылар. Ал бұл жұмыстарды үйлестіру ісіне әкімдіктен өзге ауданның белсенді азаматтары, ауыл билері ықпал етпек.

 Ел президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғаса береді. Шымкентте бұған дейінгі үш аптада да сенбілік жұмыстары тоқтаған емес. Алдағы «Мөлдір бұлақ» аптасында өзен-көл жағасы қоқыстан тазартылып, арнасы ашылады.