Шымкентте джиу-джитсудан халықаралық турнир басталды. «AJP Shymkent International» жарысы шаһарда бірінші рет өтіп жатыр. Жарысқа қай қаланың спортшылары қатысты?

Турнирге 250-дей бала жиналған. Бұл көрсеткіш елімізде джиу-джитсу спортының қарқынды дамығанын көрсетеді дейді сарапшылар. Бір ғана Шымкент қаласының өзінде аталған спортпен айналысатындар саны 200-ден асады екен. Джиу-джитсу Азия ойындарының бағдарламасында бар, сондықтан бұл сан алдағы уақытта көбеймесе азаймақ емес.

Жарысқа еліміздің 4 өңірінен, яғни Астана, Алматы, Ұлытау, Жезқазғаннан спортшылар қатысып жатыр. Сонымен қатар, 4 мемлекеттен, олар Өзбекстан, Қарақалпақстан мен Бразилия, Ресейден де үміткерлер арнайы келіпті.

Джиу-джитсу спортының Қазақстанға келгеніне 10 жылдың жүзі болды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, төзімділік пен толерантылыққа баулитын бұл күрес дамуын қарқынды жалғастырып жатыр. Бұл спорт ер баланың бойындағы ізгі қасиеттерді де қалыптастырып, нағыз азамат етіп тәрбиелейді дейді бапкерлер. Айта кетейік, елімізде қазір Джиу-джитсу ассоциациясы құрылып, жұмыс істеп жатыр.