Дүниежүзілік Жер күні «Таза Қазақстан» акциясымен астасты. Шымкентте бір топ ерікті айтулы датада табиғат аясына шығып, тазалық жүргізіп қана қоймай, экологиялық мәселелерді талқылады. Олардың айтуынша, ауа райының күрт өзгеріп, адам түсінбестей болып кетуіне жалғанды жалпағынан басқан адамзаттың өзі себепкер.

Метерологтардың сөзінше, қазір Қазақстанда ғана емес, әлемде  ауа райы күрт өзгеріп, жаһандық жылыну ғалам ғалымдарын алаңдатып отыр. Бұл бір жағынан табиғаттың тосын мінезі, заңдылық десе, енді бір топ адамзаттың дұрыс емес өмір сүруі осындай апаттарға әкеп соқтырып жатыр екен. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы солай ойлайды.

Шымкентте 40-тан аса жас арнайы оқытудан өтіп жатыр. Климаттың өзгеруіне байланысты семинар-тренинг 2 күнге жалғасады. Білім алушыларға іс-тәжірибе ретінде түрлі кейстер ұсынылған. Соның бірі – осы тазалық жұмыстары. Себебі, «Таза Қазақстан» акциясының өзі табиғатты қорғаудың жарқын көрінісі.

 Семинар-тренингке қатысқан әр жас тек білім алып қоймайды, олар өз ортасына ақпарат тарата бастайды. Қоршаған ортаны қорғаудың әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жания Хайбулина – Қазақстан аймақтарындағы климаттық өзгеру бойынша жоба үйлестірушісі
- Қазақстанның өңірлеріндегі жастарға климаттың өзгеру туралы ақпаратты таратып жүрміз. Мұндай әлем үшін ауқымды мәселені шешуде жастардың үлесі зор болуы мүмкін. Сондықтан, осындай форматта кездесулерді жиі өткізбекпіз.

Дәл осы бағдарлама мен сценарий сақталған тренинг басқа 5-6 қалада да жалғасады. Бұл эстафетаны Шымкент қаласының еріктілері бастап берді. Осылайша, табиғат пен Жер шарын қорғау санасын жастар жадына сіңіру көзделіп отыр.