Жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 152,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 20,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем берілді.

 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 539 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — шамамен 196 мың адам. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7% өсті. Мәселен, жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін — 95 496 теңге, 2-топ үшін — 76 397 теңге, 3-топ үшін — 52 089 теңге. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері — 57 346 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша — 58 543 теңге.