Мұрынқарақта сауапты жиын. Отырар ауданының тұрғындары Алатау батырға арналған белгітастың басында бас біріктірді. Баба рухына құран бағыштап,  топан судан зардап шегіп жатқан батыс өңірінің халқына Алладан жәрдем сұрады.

Қазақ тарихында шешуші тұлғаларға айналған Тәуекел хан, Есім хандардың кезінде бас қолбасшы болған Алатау батыр туралы мәліметтер сақталған, бірақ аз. Қазақ энциклопедиясында бар, содан соң Қазыбек бек Тауасарұлының кітабында Еділ бойындағы ерен ерлігі айтылады. Белгілі ақын Қазанғап Байболұлының «Есім хан» дастанында Алатау батырдың бас қолбасшы болғаны жырланады. Батырдың ерлігі мен өмір жолын зерттеуші ғалым Асан Тұрабаев жазып жүр.  

 Мұрынқарақтағы жиын бір рудың жырын емес қазақтың мұңын жырлауға арналып отыр. Батыс, солтүстік аймақтарда  топан судан зардап шеккен халыққа  гуманитарлық көмек көрсетілді. Алатау батыр қорынан  қаржы бөлініп қажетті тауарлар  жөнелтілді.

 Жиын барысында  қарилар жарысы өтті. Құранды жатқа білетін діндарлар өзара бақсынасты. Батыр руқына арналған асқа еліміздің барлық аймақтарынан меймандар келді. Жалпы саны  700 ге жуық адам рухани жиынға куәгер болды.