Шымкент - қонақжай шаһар. Миллиондар мегаполисінің туристік әлеуетін арттыру үшін қайтпек керек? Осы мақсатта туризм басқармасы шаһардың мейрамхана әкімшілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. Жиынның мән-маңызына келесі сюжетте тоқталамыз.

Алтынсары Достан  «Мегаполис» қонақ үйінің официант- бармені.  Мейрамхана әкімшілерінің біліктілігін арттыруға арналған семинарға ол алғаш рет қатысып отыр. Бүгін жиынның екінші күні. Алтынай семинар тренингтің спикерлерінен тың мағлұматтар алып, шетелдік әріптестерімен тәжірбие алмасты.

Ал Денис Мельченко мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы. Тамақтану қызметі бойынша аналитик. Ол 2002-ші жылдан бері  осы іспен айналысып жүр. Бүгінгі конференцияда Денис бас спикерлердің бірі. Білікті сарапшы, қала қонақтары мен туристерге арналған гид-экскурсоводтарды ерекше форматта оқыту керек дейді.

Осы жолы отандық мамандармен бірге Түркия, Ресей Федерациясы және іргедегі  Өзбекстаннан келген кәсіби жаттықтырушы  мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шымкенттің мегаполис атанғалы бері экономиканың өсіп, туризм дамып жатқаны жайында сөз қозғады. Жыл сайын тарихи-мәдени бағыты бойынша білімдері мен тәжірибелерін арттырса, осы жолы таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп,жол көрсететін гид-инструкторларға да өз білімін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр.

Айта кетейік, бұл қонақжайлылық саласындағы сервисті жақсарту аясында өтіп жатқан алғашқы семинар тренинг емес. «Visit Shymkent»  ұйымдастыруымен 2021-ші жылы алғаш рет өткен семинар тренингтер қазіргі таңға дейінөз жалғасын тауып келе жатыр. 2021-2023 жылдары  гид-экскурсоводтар  мен қонақ үй әкімшілеріне ұйымдастырылып келген семинар тренингке осы жылы тағы да бір бағыты қамтып, мейрамхана әкімшілері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр.