«Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы қорытындыланды. Демалыс күндері Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім мекемесі демалыс күндері Бәйдібек би алаңы мен дендрарий бағының маңын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 Дендрарий бағын өсірудегі негізгі мақсат – ағаш өсімдіктерін жерсіндіру, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаушы екпе орман алқаптары мен орман шаруашылығы үшін әрі төзімді әрі әсем түрлерді сұрыптау, тарату. Қазір Шымкенттегі денрологиялық саябақ осы міндеттерді орындап, көпжылдық ағаштар қала тұрғындары саялайтын, демалатын орынға айналған.

Тазалық жұмыстары барысында ескерткіш аумағы абаттандырылып, жуылып, тазаланды. Жалпы, аталған акция аясында Ассамблея мүшелері де белсене атсалысып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарып келеді. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғаса береді. Бұл апта «Жасыл аймақ» ұранымен тиісті жұмыстар басталды.