Шардара ауданында жарты ғасырдан бері тазарудан өтпеген су жүйелері жаңғыртып жатыр. Құрылыс нәтижесімен Көксу ауылында 500 гектардай жер іске қосылады. Жердің құнары артады. Өнімді де мол алуға болады. Бұл туралы шаруалар облыс әкімінің сапары барысында айтты.

Канал бойында 10-ға жуық ауыл орналасқан. Бүгінде ауданда қашыртыларды механикалық тазалаудан бөлек, каналдарды күрделі жөндеуден өткізу, тік дренаждарды қайта құрылымдау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның ішінде ұзындығы 70 шақырым болатын 10 каналда күрделі жөндеуден өтеді. 18 шқ. құрайтын 6 қашыртқы толық қайта қалпына келтіріліп, үшеуіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 12 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі және милиоративтік жағдайы жақсарады. 2024 жылға ұзындығы 63 шқ. болатын 11 канал күрделі жөндеуден өтеді. Ұзындығы 488 шақырым су арналары механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы Шардара ауданында 959 шақырым су арналарын механикалық тазалау жоспарланған.