Шымкентте 7 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл туралы шаһардың бас ұстазы Нұргүл Шәмшиева арнайы семинарда айтты. Бұдан бөлек жиын барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасы жайлы әңгіме өрбіді. Мұғалімдердің біліктілігн арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Балабақшаларда орын тапшылығы сезіле ме?

Білім беру процессіндегі басты тұлға ол – мұғалім. Сол себепті олардың біліктілігін арттыру, сапалық құрамына мән беру күн тәртібінен түскен емес, дейді білім басқармасының басшысы. Семинардың мақсаты да осы – педагогтерге жаңа білімді, озық технологияларды үйрету және үздік тәжірбиемен бөлісу.

 Милионды шаһарда бүгінгі таңда 612 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы саны 71 мыңнан астам сәби тәрбие алады екен. Ал 7 мыңға жуық бала кезекте тұр. Бұның себебін қаланың бас ұстазы жан жақтан көшіп келіп жатқан жас отбасылардың көптігімен түсіндірді.

Еліміздің 10 өңірінен жиналған ұстаздар, мектепке дейінгі білім берудің сапасы мен педагогтердің кәсіби сауаттылғын арттыру тақырыбында пікірталас жүргізді. Сонымен қатар минстрліктен арнайы келген салам мамандарымен тәжірбие алмасты. Міндет бір – бүлдіршіндердің өсуіне, сапалы білім алуына, денсаулығына, өміріне қауіпсіз жағдай жасау.