🔹️Табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Орта Азия инновациялық университеті қажетті заттарды жүк көлігіне тиеп жолға шықты.

🔹️Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың су басқан аймақтарға жан -жақты қолдау көрсету мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің әкімшілік, оқытушы-профессорлар құрамы белсене  атсалысуда.  Аталған гуманитарлық көмек Орал қаласының тұрғындарына жіберілді. "Жұмыла көтерген -жүк жеңіл"- деген ата-бабамыз. Барлығымыз бірлікпен жұдырықтай жұмылып, қиын сәтте ауызбіршілік танытсақ алынбайтын қамал жоқ.

🔹️Үйлері  судың астында қалған отандастарымызға көмек қолын созған халхымыздың көмегі сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмылған бірлігімізді көрсетуде. ✅