Шымкентті көгілдір отынмен қамту көрсеткіші қарқын алған. Қазір мегаполистің шеткі аудандарына газ тарту жұмыстары жүйелі. Осы жылы ең алдымен Қайнарбұлақ, Бозарық, Ынтымақ-2, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендеріне газ жеткізу жоспарланған. Жұмыс сәуірде басталып кетті.

Шымкекентте 54 мөлтекаудан табиғи газбен қамтылған. 24 елді мекенге жартылай жеткізілген. Тағы 3-еуі кезек күтіп тұр. Өткен жылы 9 нысанның құрлыс жұмысы аяқталып, 49 мың обоненттің қуанышы артқан.

Ал сапалы электр қуатымен 81 елді мекен қамтылған. Яғни көрсеткіш 100%. 2023 жылдың қорытындысымен 4 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алса, қалған 2 нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады.

2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір осы жұмыстардың нәтижесімен қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өскен.