1 – мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ерікті жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Оған қаламыздағы 7 бірдей колледж студенттері қатысып, арадағы достық пен ынтымақтастықтың әдемі үлгісін көрсете білді.

 4 кезеңнен өткен сайысқа қаладағы 7 бірдей колледждің ерікті жастарынан құралған 7 команда қатысып бақ сынады. Алғаш болып сынға түскен Инновациялық технологиялар колледжі және Шымкент аграрлық техникалық колледжінің студенттері ойынды 2:1 есебімен аяқтап, Инновациялық технологиялар колледжінің ерікті жастары жеңісті қолдан бермеді.

Кіші турнирді өткізудегі  басты мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және спортқа баулу. Сондай-ақ, еріктілер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Тартысты өткен турнирдегі жеңімпаз командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар жарысты әрмен қарай дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.