Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам. Өйткені басшылықты реттеп алмай, тіршілікті түзеу қиын. Ал, әкім сай¬лау – қазаққа бейтаныс рәсім емес. Бабаларымыз болыс, би, қа¬зыларды да, ханды да сайлаған. Ұлы далада қалыптасқан сайлауы да, заңы да, басқару жүйесі де бол¬ған. Сол үдеріс жаңғырып жатса, неге құптамасқа?! Осылай деген Шымкент қалалық сайлау комиссияның төрағасы Қайырбек Құнанбаев мажоритарлы жүйенің тиімділігін айтып берді.

Елімізде адал әрі әділ мем¬ле¬кет¬¬тік қызметшілер мен депу¬тат¬тар болуы тиіс. Жаңа Қазақстанды сон¬¬дай азаматтар аяғына тұр¬ғыза¬ды. Саяси жаңғыру болмай, әлеу¬мет¬тік, экономикалық тұрғыда да¬му да, өсу де мүмкін емес. Президент партиялардың институционалдық және ұйымдастырушылық қабі¬летін арттырып, бәсекелестікке бейімделуіне көңіл бөлді. Қазір осы жүйенің тиімділігі тәжірибеде байқалуда.

Сол сияқты ауыл, аудан әкім¬дерінің сайлауы да жаңашылдық. Президент бастамаларының бар¬лығы да адалдық пен әділдікке не-гізделген, билік пен халыққа игілікті екені даусыз. Саяси тран¬с¬формация адалдықтың сақталып, әділдіктің орнауын қалыптастыра¬тын ойын ережесі.

Бұл сан салада бармақ басты, көз қыстылық пен монополияның түп-тамырымен жою¬ға жол ашады. Жаңа Қазақ¬станды құру үшін бетке алған бағыттан танбай, жаңа белестерді сөз¬бен емес нақты іспен бағын¬дыру керек. Сондықтан, ауыл әкімдерін сайлау тәуел¬сіздік тарихындағы айтулы белес¬тің бірі болды. Алдағы уақытта, аудан әкім¬дерін де халық сайлайды.