Сіз көлік салығын төлеп үлгердіңіз бе? Төлемесеңіз темір тұлпарыңыз айыптұраққа қамалуы мүмкін. Қазір шаһар аумағында «борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Жергілікті сот орындаушылар тәртіп сақшылары, салық мамандарымен бірігіп рейд барысында берешегі бар азаматтарды анықтады. Әріптесім Ернұр Бөбеев айтып берсін.

Рейдтік шара барысында қаланың бірнеше аумағында темір тұлпар тізгіндеушілері тоқтатылды. Оларды әр сала мамандары айыппұл, көлік салығы бойынша жеке тексерді. Берешегі бар азаматтарға қарызын төлеуге мүмкіндік беріледі. Ескертуді елемей, жалтаратын болса, көлік айыптұраққа қойыалды.

 Борышкерлердің қатарында алимент төлеуден қашып жүргендер де бар. Алайда мамандар оларға қатаң шара көрілетінін ескертеді. Қарызын 3 айдың ішінде төлемеген жағдайда жүргізуші куәлігінен де айыру қарастырылған екен. Алайда оны еститін құлақ болмай тұр.

Рейдтік жұмысатардың алғашқы күнінде 30-дан астам көлік иелері тоқтатылды. Бірі қарызын сол жерде төлеп үлгерсе, бірі ескерту алды. Ал 3 көлік айыптұраққа қамалды.

Жалпы миллионды шаһар бойынша 2 миллиард 250 миллион теңге қарызы бар 55 мыңнан астам борышкер бар. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген мыңнан аса азамат тіркелген. Мамандар берешегі бар азаматтарға борышын уақытылы өтеуге шақырады. Айта кету керек, жедел порфилактикалық шара сәуірдің 23-і мен 25-і аралағында өтеді.