Шымкент гарнизонының әскери қалашығы мен 35748 әскери бөлімінің аумағында «Он бес игі іс» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оған отбасыларымен бірге әскери қызметшілер мен әскери қалашық тұрғындары қатысты.

Сенбілік - әскери қалашық пен әскери бөлімнің тұрғындары үшін тазалықтың, тәртіптің және жақсы көңіл-күйдің дәстүрлі мерекесіне айналған. Осы мерекеге қатысушылардың барлығы ортақ күш-жігермен үй маңындағы аумақты тез ретке келтіруге болатындығын жақсы түсінеді. Сондықтан көптеген әскери қызметшілер отбасыларымен бірге шықты.

Ержан Сабырбекұлы - әскери қалашықтың тұрғыны
- Әскери қызметшілер мұндай іс-шаралардан ешқашан шетте қалмайды. Үйімізді таза және әдемі ету үшін бүгін біз отбасымыздың барлық мүшелерімен сенбілікке шықтық. Біз өз мысалымызбен балаларды еңбекке баулимыз. Бұл біздің сүйікті ауламызды таза етіп қана қоймай, отбасымызбен және әріптестерімізбен ашық ауада уақыт өткізуге тамаша себеп

Әскери қызметшілер еңбек құралдарымен қаруланып, әскери бөлім ғимараттары мен әскери қалашық үйлерінің айналасын тазартты. Олар ағаштардың діңгек шеңберлерін өңдеп әктеді, гүлзарларды алдағы гүл отырғызуға дайындады. Ең кішкентай көмекшілер үшін арнайы тәттілер үстелі ұйымдастырылып, әр балаға сусындар мен тәттілер таратылды.Тазалық мерекесінің соңында әскери қызметшілер отбасыларымен бірге көшет отырғызды.